Үкіметте «Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасын әзірлеу барысы талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасын әзірлеу барысы туралы кеңес өткізді.

Жол картасының жобасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралардан тұрады. Құжат партияның сайлауалды бағдарламасында қойылған барлық 10 міндетті қамтиды.

Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға жол картасы жобасының әр тармағын егжей-тегжейлі пысықтауды, қаржыландыру мәселелерін анықтап, нақты нысаналы индикаторлар мен жауапты тұлғаларды бекітуді тапсырды.

#Ерұлан Жамаубаев #Жол карталары

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу