Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына экологиялық аудит жүргізу барысы талқыланды

Сәрсенбі, 26 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бірқатар министрліктер басшыларының, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК өкілдерінің қатысуымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Кеңес барысында кәсіпорынға экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік аудит жүргізу барысы туралы ақпарат берілді.

Бұл жұмыс халықаралық консультанттардың қатысуымен жүргізіліп жатқаны мәлім.

#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-Министрі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу