Үкіметте бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен бизнестің түйткілді проблемалары талқыланды. 

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің бірқатар проблемалық мәселесін қарауға ұсынды. Атап айтқанда, «Всеобуч» бағдарламасы арқылы отандық өндірушілерден мектеп формасын сатып алуға, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістеріне, туризмді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімдерін қайта қарау және талаптарды өзгертуге қатысты мәселелер қаралды.

Сонымен қатар күн тәртібінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен негізгі туристік аймақтарда инвесторлар салған туристік нысандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша шығындарды өтеу тетігін әзірлеу мәселесі талқыланды.

Кеңес соңында вице-премьер мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беріп, кәсіпкерліктің проблемалық мәселелерін жедел және сапалы қарастыру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін тетіктерді анықтау қажеттігін айтты.

#Ерұлан Жамаубаев #Туризм #Қаржы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу