Үкіметте ЕАЭО-ның сауда-саттық саласындағы өзекті мәселелері мен Интеграцияның стратегиялық бағыттары талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ЕЭК-тің Сауда жөніндегі алқа мүшесі – министр Андрей Слепневпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ЕАЭО-ның сауда-саттық саласындағы бірқатар маңызды мәселесін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жекелеген тармақтарын жан-жақты талқылады.

Сонымен қатар Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөздер барысы, Еуразиялық одақ елдерінің периметрі бойынша электрондық сауданы дамыту мәселелері мен басқа да сұрақтар қаралды.

#ЕАЭО #Сауда #Серік Жұманғарин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу