Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Бейсенбі, 15 Сәуір 2021, 13:47:53

Креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасын Үкімет әзірлейтін болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканың креативті секторын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы кезінде белгілі болды.

Осы жылғы 1 тамызға дейін әзірлеу жоспарланған құжатта мемлекеттің креативті кәсіпкерлікті дамыту, шығармашылық өнімдерді экспорттық нарыққа шығару, шығармашылық индустрия үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау, дарынды қазақстандықтарды қолдау, зияткерлік меншікті басқару және өзге де шаралар көрініс табатын болады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Үкіметке креативті экономиканы дамытудың негізгі тәсілдерін әзірлеуді тапсырған болатын, ал 17 наурызда Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте оны нормативтік-құқықтық реттеуді пысықтау қажеттігі туралы айтты.

Тұжырымдама халықаралық ұйымдармен, азаматтық қоғаммен, бизнес өкілдері және сарапшылармен бірлесе отырып жасалады. Шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі Данат Жуминнің айтуынша, ЮНЕСКО мен Британдық кеңестің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның шығармашылық кәсіпкерлер қауымдастығы, Түркітілдес елдердің шығармашылық индустриялары қауымдастығы, Алматы қаласының шығармашылық индустрия кеңесі, Women in Creative Industries, Еуразиялық іс-шаралар қауымдастығы отандық Juzz Entertainment (Ninety One, Alba, Dna) лейблы, Жайдарман қазақ КВН лигасы бірлесе жұмыс істеуге ниеттерін білдірді. Сонымен қатар құжатты жазуға шығармашылық одақтарды, өндірістік орталықтарды, танымал сәулетшілерді, суретшілерді, қолөнершілерді, музыканттарды және шығармашылық нарықтың басқа қатысушыларын тарту жоспарланып отыр.

Британдық кеңестің мәдениеті мен креативті экономикасы бойынша жобалардың жетекшісі Галина Корецкая Үкіметтің шығармашылық секторды дамытуға деген көзқарасы осы саладағы халықаралық сарапшылардың ұсыныстарына толық сәйкес келетіндігін және қазақстандық тәжірибе тек қана Орталық Азия елдері үшін ғана емес, сонымен қатар басқа дамушы елдер үшін де үлгі бола алатынын атап өтті.

Өз кезегінде Шығармашылық кәсіпкерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Ернар Құрмашев ел Үкіметіне шығармашылық индустрияларға көңіл бөлгені үшін алғыс айтты. Оның пікірінше, бүгінде шығармашылық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау бұрынғыдан да көп қажет. Пандемияға байланысты шектеулердің салдарынан ондаған шығармашылық бизнес қатты зардап шекті.

«Егер мемлекет бізге сеніп, шығармашылық адамдарға қолдау көрсететін болса, онда біз бірнеше жыл ішінде осы саладағы өнімдердің экспортын кем дегенде 5 есеге көбейтіп, ел экономикасының дамуына зор үлес қоса аламыз», — деді Е. Құрмашев.

Жұмыс тобының бірінші отырысын қорытындылай келе, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов креативті экономиканың дамуы бірқатар кең ауқымды мәселелерге әсер ететіндігін және тыңғылықты жұмысты қажет ететіндігін атап өтті және министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Анықтама: Креативті экономика — бұл шығармашылық қызметке негізделген экономиканың ерекше саласы. Оған музыка, сән, дизайн, сәулет, кино, АT, медиа, театр және басқалары кіреді. Қазіргі кезде креативті экономика экономиканың тез дамып келе жатқан салаларының бірі. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша шығармашылық салалардың әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі $2,6 трлн асты. (шамамен 3%). БҰҰ Бас Ассамблеясы 2021 жылды Тұрақты даму үшін халықаралық креативті экономика жылы деп жариялады. Сингапур, Оңтүстік Корея, Канада, АҚШ, Ұлыбритания сияқты бірқатар дамыған елдерде шығармашылық экономиканы дамытудың стратегиялары мен бағдарламалары қабылданды. Жақында БАӘ Дубайда креативті экономика стратегиясын жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлады. Ресейдің Мәдениет министрлігі шығармашылық индустрияны дамыту тұжырымдамасын жасады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Мамыр 2021, 18:27
Медициналық қызмет көрсету, ауылдық медицинаны қолдау, КВИ пандемиясы кезіндегі жұмыс — ӘМСҚ-ның 2020 жылғы және 2021 жылдың I тоқсанындағы жұмысының қорытындылары
17 Мамыр 2021, 12:44
18 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Мамыр 2021, 11:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 Қаулысы
16 Мамыр 2021, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.