05 Қаңтар 2024, 17:23
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Энергетикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қатысушылар жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру аясында жаңа инвестициялық жобаларды газбен жабдықтау, ішкі нарыққа тұрақты түрде газ жеткізу, сондай-ақ тиісті энергетикалық инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тұрақты түрде және апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға жұмыс бабындағы бірқатар тапсырма берді.
#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-Министрі #Энергетикалық кеңесҚазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу