Үкіметте Қазақстанның сыртқы сауда трендтері қаралды

Сенбі, 1 сәуір күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Атап айтқанда, Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағындарына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауарларды жеткізу логистикасы туралы баяндалды.

Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әркет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдерімен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу