Үкіметте кедендік әкімшілендіру мәселелері қаралды

 2023 жылғы 22 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кедендік әкімшілендіруді дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша, оның ішінде «Нұр Жолы» кеден бекеті, «Қорғас» ШЫХО қызметі мәселелері бойынша ҰҚК-нің Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі, Сауда және интеграция минстрлігі, БҚжДА және Жетісу облысы әкімдігінің өкілдері қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңесте «Нұр Жолы»кеден бекеті, «Қорғас» ШЫХО арқылы тауарларды өткізу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті көптеген бұзушылықтар сияқты мәселелер талқыланды. 

Кеңес нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілді, соның ішінде:

  • габаритті емес жүктері бар көлік құралдары үшін инфрақұрылымды дамыту және автомобиль жолын және «Нұр Жолы» кеден бекетінде габаритті емес жүктерді орналастыру үшін уақытша сақтау қоймаларында ашық алаң салу мәселесін қарастыру; 
  • сервистік қызмет көрсету үшін кеден инфрақұрылымы объектілерін сенімгерлік басқаруға беруге қатысты кеден заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау;
  • ШЫХО аумағында қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейту;
  • заманауи цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, багажды қабылдау және тапсыру технологиясын жаңғырту;
  • «Қорғас» ШЫХО кеден бекеті штат санын ұлғайту;
  • электрондық кезектің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Ақпараттық жүйелерді толыққанды интеграциялау;
  • Қытай тарапымен Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді қабылдау рәсімін жеделдету;
  • жеке тұлғалар өткізетін тауарларға кедендік бақылауды жақсарту бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды және шаралар қабылдауды күшейту.

Кеңесте берілген тапсырмаларды іске асыру және түйткілді мәселелерді шешу мақсатында атқарылатын мерзімдері нақты көрсетілген жол картасы әзірленіп, бекітілді.

#Ерұлан Жамаубаев #Қаржы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу