17 Қыркүйек 2026, 19:48
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бағаны қалыптастыру және оңтайландыру тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыруға және медициналық ұйымдарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған нақты шараларды қабылдау мәселелері қаралды.
Қазіргі жағдайда негізгі міндет медициналық ұйымдардың жабдықтарға жоспарланған ағымдағы қажеттілігін сақтай отырып, үнемдеуді қамтамасыз ету болуы тиіс екені атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша медициналық техниканың негізсіз жоғары құны анықталған жағдайда жедел шаралар қабылдау, сонымен қатар жабдықтың сапасы мен техникалық сипаттамаларына қойылатын белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу