Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов салық заңнамасын, Кәсіпкерлік кодексті, мемлекеттік қолдау жүйесін және басқа да шараларды жетілдіру арқылы орта бизнесті дамытудың жаңа кешенді тәсілдерін әзірлеу туралы баяндады.

Қазақстан тұрақты дамып келе жатқан кәсіпкерлікке негізделген әртараптандырылған экономиканы құруды мақсат етіп отыр. Бұл ретте орта бизнес әртараптандырудың негізгі драйвері болады деп болжануда, осыған байланысты еліміздің стратегиялық құжаттарында 2025 жылға қарай орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 15%-ға дейін арттыру міндеті қарастырылған.

Сонымен қатар кеңесте өндірістің негізгі факторларына қол жеткізу үшін ашық аукцион қағидаттарын міндетті түрде пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі талқыланды. Қазіргі уақытта тиісті тәсілдер әзірленіп жатыр.

#Ерұлан Жамаубаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу