Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Мемлекет басшысының мемлекеттік реттелетін бағаларды белгілеу кезіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ заңсыз алынған кірістерді өтеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралды.  

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 588 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркегенін, оның 1118-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты екенін хабарлады. Белгіленген шығын көлемі 119,3 млрд теңгені құраса, оның 108,5 млрд теңгесі немесе 91%-ы өтелді. Келтірілген залалды қайтару үшін күдіктілердің 796,3 млн теңге мүлкі тәркіленді.

«Барлық бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, сондай-ақ инфляцияның өсуіне және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында ҚР-ның аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әкімшілендіруді жетілдіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары, электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде тас көмір мен астық бекітілді», — деді Бауыржан Құдайбергенов.

Пилоттық жоба аясында сауда субъектілері өндірушіден бөлшек сауда сөресіне дейін азық-түлік тауарларына баға белгілеудің жедел мониторингін қамтамасыз етіп, бұл баға алыпсатарлығын болдырмай және бизнестің заңнамада көзделген сауда үстемеақысының мөлшерін сақтауын бақылайды.

Жиын қорытындысы бойынша 1 қыркүйекке дейін Үкімет аппаратына ескертулерді жою және Президент Әкімшілігінің ұсыныстарын зерделеу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынуды тапсырылды. 

#Ерұлан Жамаубаев #Экономика

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу