Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша жиын өтті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлікті дамытуға қатысты жиын өткізді.

Жиынға орталық мемлекеттік органдар мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Жиында мемлекеттік қолдау үдерістерін автоматтандыру бойынша тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Талқыланған мәселелерді қорытындылап, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік қолдау жұмысын жандандыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу