Үкіметте өңдеу өнеркәсібі жобаларын қолдау мәселесі талқыланды

Сейсенбі, 22 тамызда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Жиынға қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына жаңа активтер енгізу, сондай-ақ одан бірқатар коммуналдық меншік ұйымдарын алып тастау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі және автомобиль өнеркәсібін қолдау бағдарламасы шеңберіндегі кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ Алматы қаласында жаңа онкологиялық орталық салу мәселелері қаралды.

#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-Министрі #Өнеркәсіп

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу