Үкіметте өткен жиында бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерліктің нақты мәселесі бойынша жиын өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері салық преференцияларына, жер қатынастарына, көлік шығындарын субсидиялауға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіруге және т. б. қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.

Жиын қорытындысы бойынша Е. Жамаубаев бірқатар тиісті тапсырмалар берді, соның ішінде белгіленген мерзімде реттеуші актілерді талдауды аяқтау бойынша.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу