Үкіметте салық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелері қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен  мемлекеттік орган және ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Кеңесте салық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялау, «е-Қаржымині» базасында мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды іріктеу тәртібін автоматтандыру, сондай-ақ ақша ағындарын цифрландыру және екінші деңгейлі банктер мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселелері қаралды.

Қаржы, Ұлттық экономика, цифрлық даму министрліктері өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Қаржы министрлігінің деректері бойынша «Тәуекелдерді басқару жүйесі» АЖ «АСТАНА-1» АЖ-мен, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін «Е-» мобильді қосымшасымен интеграциялау бойынша Salyq Azamat», «SUR» АЖ-дан «Е-терезе» АЖ-ға дейін «Тауарлардың негізгі топтары бойынша баға ақпараты» визуализациясын әзірлеу және т. б. жұмыстар аяқталды.

Қазіргі уақытта «е-Қаржымині» базасында мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды іріктеу рәсімін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

#Ерұлан Жамаубаев #ҚР Қаржы министрлігі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу