Үкіметте жаһандық экономикалық трендтер талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық банк және Экономикалық зерттеулер институты өкілдерінің қатысуымен өзекті экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді.

Атап айтқанда, жаһандық экономикалық трендтер мен әлемдік өндіріс қарқынына әсер ететін факторлар, сын-қатерлер, сондай-ақ жалпы халықаралық нарықтардағы ахуал қаралды.

Қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев жаһандық үрдістерді сараптамалық деңгейде егжей-тегжейлі талдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу