18 Мамыр 2023, 17:53
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, салалық ұйымдар, жоғары оқу орындары басшыларының және Парламент депутаттарының қатысуымен Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді.
Қатысушылар ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2023-2025 және 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру жоспарлары қаралды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу