24 Шілде 2018, 12:16
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында өнімді жұмыспен қамту және білім беру саласын дамыту бағыттары бойынша іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізудің 2018 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлары және бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың алдын-ала қорытындылары талқыланды.
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев еңбек ресурстарын жоспарлау және болжау, жаңа экономика қажеттілігін ескере отырып, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерту, сондай-ақ білім беру қызметтерін ырықтандыру және инвестициялар тарту, шетелдік студенттерді тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу