Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ұлттық банк карантин кезінде зардап шеккен кәсіпорындарды қолдауға 200 млрд теңге бөледі

Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020, 10:36:00

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев және Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Ұлттық банк мынадай шаралар қабылдайды.

Президенттің бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы әзірленуде. Жолдауда аталған жүргізілетін саясаттың тиімділігі мен айқындылығын арттыру жөніндегі тапсырмалар Стратегияда ескеріледі. Стратегияны бекіту елдің 2025 жылға дейінгі жаңартылған Стратегиялық даму жоспары қабылданғаннан кейінгі уақытқа жоспарланып отыр.

Ақша-несие саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру және валюта нарығын тұрақтандыру үшін Үкіметпен бірлесіп валюталық түсімді елге қайтаруға арналған қосымша шаралар пысықталады және экспорттаушылардың оны іске асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

«Ақша-несие саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясында Ұлттық банк жанынан Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құру ескеріледі, оның басты міндеті базалық ставка мен оның дәлізінің мөлшері бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау болады. Орта мерзімді перспективада оған тәуелсіз мүшелер кіреді. Заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер 2020 жылдың соңына дейін енгізіледі», — деді Е. Досаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономикалық өсуді қалпына келтіру мақсатында дағдарыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен секторлардағы кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінеді. Салалар тізбесін Үкімет «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп анықтайды.

Ұлттық Банктің жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 800 млрд теңгеге дейін жеткізіліп, 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады.

Қаржы министрлігі Президент тапсырмаларының тез арада орындалуын қамтамасыз ету үшін келесідей шаралар қабылдауда.

Квазимемлекеттік секторда бірыңғай сатып алуды енгізу жөніндегі заңға қатысты Үкіметке «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінде сатып алу туралы» заң жобасы енгізілді. Заң жобасы барлық процедураны 100% электрондық форматқа көшіру арқылы сатып алулардың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Барлық реттелетін сатып алуды Бірыңғай терезе арқылы өткізу жоспарлануда. 2019 жылы қолданыстағы сатып алу алаңдарының негізінде «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы құрылды. Бірыңғай терезе операторы ретінді «Атамекен» ҰКП белгіленді.

Сонымен бірге бірыңғай терезенің толыққанды жұмыс істеуі үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополия субъектілерінің сатып алу алаңдарымен ықпалдасу қажет.

«Биыл жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін жалдау төлемдерінен босату бойынша Жалдау Еһережелеріне өзгерістер енгізу жөнінде бірлескен жұмыс жүргізілуде. Республикалық және коммуналдық меншік объектілері бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен тиісті қосымша келісімдер жасасу жоспарланып отыр. Квазимемлекеттік сектор да оларды басқару органдарының шағын және орта бизнесті жалдау төлемдерінен босату жөнінде шешім қабылдауы қажет», — деді қаржы министрі.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында Қаржы министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізуде. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар өзектендіріледі және оффшорлық юрисдикцияларға ақша аударымдары бөлігінде заңнама жетілдіріледі.

Министрлік FATF ұсынымдарын орындайды, атап айтқанда:

  • мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларына және олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттарды ашуға тыйым салуды енгізу;

  • салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтерді алу құқығын заңнамамен бекіту.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің салық органдары арасында ақпарат алмасу шеңберінде ҚР резиденттерінің қаржылық шоттары туралы мәліметтерге талдау жасау жоспраланып отыр. Сонымен қатары салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша жұмыс жандандырылды.

Астана-1, электрондық шот-фактуралар жүйесі және виртуалды қойма іске қосылды. Темекі және алкоголь өнімдерін таңбалау пилоттық жоба ретінде жүргізіледі және онлайн-бақылау кассалық машиналары енгізілді. Жүйелерді интеграциялау есебінен ҚХР-мен импорт бойынша кедендік статистиканың алшақтығы төмендеді.

Авто және теміржол өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру көзделген. Кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде экономикалық тергеу қызметі қайта бағдарланады:

  • мұнай және мұнай өнімдерінің, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы;

  • капиталдың заңсыз ағымы;

  • бюджет қаражатын, оның ішінде квазимемлекеттік секторда, ұрлау және ысырап ету;

  •  салық төлеуден жалтару;

  • жалған шот-фактуралардың үзінділері.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету:

  • осы және келесі жылдарды нақтылау кезінде;

  • 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау барысында жүргізіледі.

«2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде медицина қызметкерлерін ынталандыру үстемеақыларына, тез салынатын жұқпалы аурулар ауруханаларын салуға, Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (МККК) шеңберінде медициналық қызметтерге және дәрілік заттарды сатып алуға арналған шығыстарды қаржыландыру жоспарлануда. Президент Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыруға арналған шығыстар көлемі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп пысықталады», — деп қорытындылады Е. Жамаубаев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қазан 2020, 15:21
Ауылдарды интернетпен қамту, байланыс сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
29 Қазан 2020, 14:59
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді
28 Қазан 2020, 16:07
Мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту және шығындарын оңтайландыру — энергетика саласын цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқарылуда
28 Қазан 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады
28 Қазан 2020, 12:00
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
28 Қазан 2020, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №698 Қаулысы
28 Қазан 2020, 10:54
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты
27 Қазан 2020, 21:40
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен кездесті
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.