UMC Ана мен бала орталығында ем алып жатқан балаларды Білім күнімен құттықтады

Білім күнінде Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев UMC Ана мен бала орталығында болды.

Мұнда балалардың ем алуымен қатар, білім алуына да мүмкіндік бар. Мектеп жасындағы балаларға Орталыққа қабылданған сәттен бастап негізгі пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда UMC-те 46 бала білім алып отыр.

«Мемлекет білім алудың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, конституциялық құқықтарды сақтау, балаларымызға жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыр. Балалардың дертпен күресе жүріп, соншалықты ерік-жігермен, білім алуға деген құштарлықтарына тәнтімін. Сіздердің әрқайсысыңыз жеңімпазсыздар, бәрін де еңсересіздер!», — деді Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Күнделікті сабақ кестесі балалардың денсаулығына байланысты әрқайсысына жеке көзқарастарын ескере отырып құрастырылады.

Баланың ерекшеліктерін білу және оқу-тәрбие үдерісін сауатты ұйымдастыру мақсатында оның дәрігерлерімен, ата-анасымен, психологтармен әңгімелесу жүргізіледі. Педагог балалардың науқасының ауырлығын ескере отырып, оларға арнайы жеңілдетілген тапсырмалар береді.

Орталық педагогтері де назардан тыс қалған жоқ. ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әріптестеріне алғыс хат табыс етті.

Айта кету керек, UMC Ана мен бала орталығы 2007 жылы ашылды, денсаулық сақтау ұйымы әйелдер мен балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсетіп келеді. Орталықта 137 балаға арналған онкологиялық кереует, 5 онкологиялық бөлімше бар.

#Білім беру #Денсаулық сақтау #Тамара Дүйсенова #ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу