03 Шілде 2019, 12:30
2019 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 136 тұрғын үй қалпына келтірілді. Тағы 571 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарланды.
Арыс қаласындағы үйлердің 85%-ы жөндеуді қажет етеді, ал қалада жұмыс істейтін құрылыс компанияларының саны 118-ге дейін артты. Бүгінде тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға 1546 құрылысшылар қатысып, 86 арнайы техника тартылды.
Еске сала кетейік, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бастаған жұмыс тобы қазір Арыс қаласында жүр. Жақында ол Арыс қаласындағы барлық үйлерді бақылауға алатынын және күнделікті мониторингте ұстайтынын хабарлады.
Қалада барлық бұзылған инфрақұрылымды — инженерлік коммуникациялар мен жолдарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа Үкімет резервінен қаражат бөлінді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу