2013 жылы ҚР бюджетіне салық түсімдері шамамен 3,4 трлн теңгені құрады – Ә.Жұмаділдаев

Өткен жылы республика бюджетіне салық түсімдері 3,4 трлн теңгені құрады, деп хабарлады бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Қаржы министрлігі салық комитеті төрағасы Әнуар Жұмаділдаев.

«Салық комитеті құзіреті кірісі бойыша жоспар, жалпы мемлекеттік бюджетке кіріс 3,3 млрд теңгені құрап, жоспардың 102,3 % құрады. Басқаша айтар болсақ бұл жоспарланған көрсеткіштен 76,9 млрд теңгеге артқан», - дейді Ә.Жұмаділдаев.

Оның айтуынша, 2013 жылдың жалпы көлемі бойынша республикалық бюджетке түсетін шикізаттық емес сектор кәсіпкерлерінің үлес салмағы 75,8% құрады. Ал шикізаттық сектор көлемі 24,2% болды.

«Салық және өзге де бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешек 2014 жылдың 1 қаңтарында 64 млрд теңгені құрады. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда берешек көлемі 17,2 млрд теңгені құраған, пайыздық көрсеткішпен бұл 21% құрады», - деп басып айтты ол.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу