2013 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды-Статистика агенттігі

2013 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды, деп хабарлады брифингте ҚР статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов.

«2013 жылдың қортындысы бойынша инфляция деңгейі 2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың желтоқсанына дейін 4,8% құрады. Инфляцияның бұл деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш»,-деді Агенттік басшысы.

Оның айтуынша, инфляцияны ауыздықтау әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге реттемелі тарифтың өсуін тежеу есебінен мүмкін болды.

«Сонымен қатар, әрине бағасының өсімі білінген тауарлар мен қызмет түрлері де болды... Республика бойынша темекі өнімдері, жұмыртқа, быламық ұнтағының бағасы, бірқатар коммуналдық қызметтер, канализация, көлік және телефонға абоненттік төлемдер өсті»,- деп нақтылады ведомство басшысы.

"Атап айтқанда, 1,2 пайыздық деңгейде инфляцияға шектеулі үлес белгіленіп қойылды, біздің монополияға қарсы мекеме жыл бойына осы жобаны ұстап тұрды»,-деді Ә.Смайылов.

Агенттік төрағасы атап өткендей, тұтастай алғанда, 2013 жылы макарон өнімдерінің 6 пайыз деңгейінде, картоп 5,8, күріш 5,1, сүт пен шай бағасының 4,9 пайызға өскені байқалды.

Сондай-ақ, оның келтірген мәліметіне қарағанда, бірқатар тауарлардың бағасы түсті.

«Мысалға, 16 пайызға төмендетілген жармақ өнімі мен 7,4 пайызға түскен жаңа жұлынған көкөністер бағасы жыл бойына сол деңгейде сақталып тұрды. Күнбағыс майы орташа 3,5 пайызға, қант 6,2 пайызға, ұялы байланыс қызыметі 14,1 пайызға арзандатылды»,-деп нақтылады ол.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу