2016 жылы ҚР кәсіпкерлігіне 500 млн жуық теңге қайтарылды – ҮКП

2016 жылы мемлекеттік органдар қарызының 500 млн теңгеден астамы бизнеске қайтарылды. Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов мәлім етті.

«Былтыр мемлекеттік органдар бизнеске шамамен 1 миллиард теңге қарыз болып қалған. Бұл - негізінен бизнес пайдасына шешілген сот шешімдерін уақытылы орындамаудың кесірі. Бүгінде соманың жартысы қайтарылған», - деп атап өтті Ғ.Қасымов.

Оның еске салуынша, биылдан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес пайдасына шешілген сот шешімдерінің орындалуына қатысты мониторинг жүргізіп отырмақ.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу