Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2019 жылы 136 мың отбасы мұқтаждық деңгейінен шығарылды — Б. Сапарбаев

Жұма, 24 Қаңтар 2020, 15:01:33

Президент Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын іске асыру барысы және 2020 жылға арналған басымдықты міндеттер туралы баяндады. 

Б. Сапарбаев атап өткендей, Президенттің тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылы 2,7 млн қазақстандықтың жалақысы көтерілді. Жаңа жылдан бастап 770 мың мұғалім, дәрігер, әлеуметтік сала, мәдениет, өнер, спорт және мұрағат қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға ұлғайтылатын болады. Зейнетақы және жәрдемақы көлемі орта есеппен 7-20% көтерілді. Осы мақсатта бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда 300 млрд теңгеге арттырылып, 3,3 трлн теңгені құрады. 555 мың адамның борыш жүктемесі азайтылды, 1,2 млн адамның айыппұлы мен өсімпұлы кешірілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 149 млрд теңге бөлінді. 

315 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Нәтижесінде 136 мың отбасы мұқтаждық жағдайынан шығарылды, 150 мың отбасы өздерінің жеке қосалқы шаруашылығын дамытты, 94 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 8,5 мың адам өз бизнесін ашты. 

Сонымен қатар, 2,2 млн адам әкімдіктер мен демеушілердің есебінен 80 млрд теңге көлемінде қосымша қолдауға ие болды. 

 

Жұмыспен қамту: жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ға төмендеді

Мемлекет басшысы қойған міндеттердің бірі — тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды кәсіпкерлікке тарту, оларға үйде жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шараларымен 660 мың адам қамтылды. Соның нәтижесінде 424 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 65% — тұрақты. 58 мың адам шағын несие мен грант алды. Халыққа қолайлы болу үшін 83 мобильді жұмыспен қамту орталығы, 54 жекеменшік жұмыспен қамту орталығы тартылды. Осының нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2018 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді.

Сонымен қатар жұмыс орындарын құру картасының ақпараттық жүйесі енгізілді. Еңбек нарығының сұраныстарына сай мамандарды даярлау үшін кәсіптік стандарттар бекітілді. Кәсіпкерлікке кемінде 11 мың отбасыны тарту мақсатында, несие мөлшерлемесі 6%-дан 4%-ға төмендетілді, несиелендіру мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін төмендеді. Оқытусыз грант алу мүмкіндігі ұсынылды. Енді кәсіптік оқыту тек жұмыс берушінің өтінімі бойынша жүзеге асырылады. 

«Жаһандық өзгерістерге сәйкес, біз 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту болжамын және жаңа кәсіптер атласын әзірлеп жатырмыз. Электронды еңбек нарығын, электронды еңбек шартын дамыту жалғасады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, әлеуметтік еңбек саласындағы барлық мемлекеттік қолдау шараларын біз бірыңғай әлеуметтік еңбек бағдарламасына біріктіруді ұсынамыз», — деді Б. Сапарбаев.

 

Әлеуметтік көмектің жаңа тетігі: 200 мың отбасыға АӘК төленеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 2020 жылдан бастап көпбалалы және аз қамтлыған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігі енгізілді. 1 қаңтардан бастап 372 мың отбасына 17 млрд теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленді. АӘЕ кемінде 200 отбасыға төленеді деп жоспарланған. Егер отбасында еңбекке қабілетті адамдар болса және олар ұсынылған жұмыстан бас тартатын болса, ондай отбасыларға АӘК төленбейді. Сонымен қатар, осы айдан бастап аз қамтылған отбасылардың балалары үшін әлеуметтік кепілдендірілген пакет беріледі. Алдын-ала мәліметтер бойынша, мұндай көмекпен 200 отбасы немесе 600 мың бала қамтылады. 

«2020 жылы біздің басты міндетіміз – аз қамтылған отбасылардан кемінде 800 мың балаға қолдау шараларын көрсету. Бұл мақсаттағы шығындар өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға арттырылады. Егер 2019 жылы 1 балаға 20 мың теңге төленген болса, онда биыл бұл сома 26 мың теңгеге дейін көбейтіледі», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

2020 жылы кемінде 11 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарланған. Оның ішінде кемінде 2 мың пәтер демеушілер есебінен сатып алынады. Бүгінде 8 мың пәтер берілген. 

Бұдан өзге, 350-ге жуық еңбекке қабілетті отбасы жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. 

 

Денсаулық сақтау: тұрғындардың шығыны екі есе азаяды

Президенттің тағы бір тапсырмасы – медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту жақсарту аясында халық денсаулығы туралы Кодекс әзірленді, ол қазір Парламент қарауында. Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету толық автоматтандырылды. 1439 call-орталығы жұмыс істейді. Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың мемлектетік бағдарламасын мақұлдады. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат ЖІӨ-ге шаққанда 3,2%-дан 5%-ға дейін арттырылады. 

«Бағдарламаның басты міндеті – қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 73-тен 75 жасқа дейін арттыру, техникамен қамтамасыз етуді 73%-дан 100%-ға дейін жеткізу, денсаулық сақтау саласына тартылған инвестициялар көлемін 1,3 трлн теңгеге дейін жеткізу», — деді вице-премьер. 

2020 жылдың 1 қаңтарында МӘМС жүйесі іске қосылды. 15 жеңілдікті санаттағы азаматтарға немесе 10 млн қазақстандық үшін жарналарды қаржыландыру үшін бюджеттен 317 млрд теңге бөлінеді. Медициналық сақтандыру қорында 252 млрд теңге жинақталған. Осы іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы шығындар 50%-ға ұлғайтылатын болады. Дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін балалар саны 600 мыңнан 3,5 млн-ға дейін арттырылады. Қазіргі таңда тегін дәрі-дәрмекпен бес жасқа дейінгі балалар қамтылады. Қабылданған шаралардан кейін балалардың жасы 18 жасқа дейін артады. Халықтың шығындары екі есеге төмендейді. Диагностикалық көмекті бес есе арттыру жоспарлануда. КТ және МРТ қызметтері кем дегенде екі есеге артады.

«Өткен жылы біз Қарағанды облысында үлкен пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Нәтижелері жақсы. Бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз», — деді Б. Сапарбаев. 

Елбасы қорымен бірлесіп «Қамқорлық» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында 17 оңалту орталығы салынады.

 

Білім беру: ауылдық елді мекендердің 300 мың баласына қолдау көрсетіледі

Тамыз конференциясында және Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Аталған тапсырмаларды орындау мақсатында 2019 жылы балаларды балабақшалармен қамту 98%-ға дейін ұлғайды, оқу бағдарламалары 95%-ға дейін жаңартылды. Жетім балалардың 81%-ы отбасында тәрбиеленуде. 1 қаңтардан бастап 246 мың студенттің стипендиясы 25%-ға өсті. Бүгінгі таңда студенттердің 50%-ы жаңартылған шәкіртақы алуда.

Сондай-ақ 2019 жылы Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Соның нәтижесінде аталған салаға бөлінетін қаражат мөлшері ЖІӨ-ге 3,8%-дан 7%-ға дейін артады.

2020 жылға арналған міндеттер: 

  • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту;

  • Бағдарламаларды 100% жаңарту, 110-нан астам мектеп салу (2025 жылға дейін – 800 мектеп);

  • қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту үшін НЗМ тәжірибесін тарату;

  • кәсіптік стандарттар негізінде колледждер мен ЖОО-лар бағдарламаларын жаңарту.

Елбасы қорымен бірлесіп «Ел үміті» жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында «Дарын» орталықтарын ашу арқылы ауылдық жерлердегі 300 мың балаға қолдау көрсетіледі.

Бұдан өзге, балалардың қауіпсіздігін, құқықтарын, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету үшін Әл-ауқат индексі енгізілді. Жоғары оқу орындарының бәсекелестігін дамыту үшін Үкіметтің жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта үш университет жабылды. Алты университеттің ісі сотта қаралып жатыр. Жеті университет бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Үкіметтік топ 17 өңірде және 550 елді мекенде болды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында арнайы құрылған Үкіметтік топ 8 ай ішінде еліміздің 17 өңірін аралап, 550 елді мекенге барды. Халықты толғандырған негізгі мәселелер: табысты арттыру, жұмыспен қамту, өз бизнесін ашуға қолдау көрсету, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту, мәдениет және спорт нысандарының қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беру болды. Жоғарыда айтылған ұсыныстарды ескере отырып, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының 2025 жылға дейінгі жобасы әзірленді. Қоғамның белсенділігін арттыру, халықтың мемлекетпен байланысын нығайту тетіктері әзірленді. Волонтерлер жылы аясында 7 бағыт бойынша 40-қа жуық іс-шара өткізілетін болады. Сондай-ақ, Абайдың 175 жылдығын, Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Алтын Орданың 750 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы іс-шаралар үшін кәсіпкерлер мен демеушілердің қаражаты тартылатын болады.

«Әлеуметтік сала бойынша сіздің барлық тапсырмаларыңыз уақытында әрі сапалы түрде және Үкіметтің бақылауымен орындалады», — деді Б. Сапарбаев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Тамыз 2020, 15:39
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
14 Тамыз 2020, 14:58
Қазақстан Президенті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
14 Тамыз 2020, 14:41
Түйе шаруашылығын мемлекеттік қолдау: Қазақстанда түйе шаруашылығының әлеуеті жоғары
13 Тамыз 2020, 18:48
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті
13 Тамыз 2020, 18:07
Мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті
13 Тамыз 2020, 11:39
Арман Абдрасилов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.