Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады

Сейсенбі, 18 Ақпан 2020, 11:42:54

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселелері туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев баяндады.

ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов бүгінгі таңда бүкіл әлемде бөлшек саудадағы электрондық коммерция нарығы дәстүрлі сауданы ығыстыра отырып, озық қарқынмен өсіп келетінін атап өтті.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек электрондық сауданың әлемдік көлемі авиатасымалға билеттер мен іс-шараларға билеттер сатуды есепке алмағанда, $3,5 трлн-нан асты. Соңғы бірнеше жылда бұл көрсеткіштің жылдық өсу қарқыны 20%-дан асады. Бұл нарықта жалпы үлесі әлемдік нарықтың 71,3% құрайтын Қытай және Америка Құрама Штаттары көшбасшылар болып табылады.

«Біз ірі сауда орталықтары сауданың электрондық форматын белсенді түрде дамытып отырғанын көріп отырмыз. Соңғы 2 жыл ішінде АҚШ-та 10 мыңнан астам оффлайн дүкендер жабылды», — деді Б. Сұлтанов.

Электрондық коммерцияда маркетплейс деген құралдарға сұраныс артып келеді. Бұған мысал Аlibaba және Amazon электронды платформалары, олар Қытай мен АҚШ онлайн нарықтарының жартысына ие.

Электрондық сауданың тағы да бір тренді – бұл көбінесе смартфондар арқылы сатып алу. Смартфондардың көмегімен тапсырыстарды рәсімдеуші сатып алушылардың үлесі бүкіл әлемде 54%-ды құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 65%-ға жақындады.

Қазақстанда электрондық сауда нарығының көлемі 2019 жылы 1,8 есеге өсіп, 700 млрд теңгеден асты. Электрондық сауданың бөлшек саудадағы үлесі 1%-дық тармақ қосып, 3,7%-ды құрады. Бұл айтарлықтай өсу әлеуетін көрсетеді.

Бұл ретте, ішкі нарық қарқынды дамуда. Қазақстандық интернет-дүкендерден сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады, халықаралық интернет-алаңдары бойынша — 280 млрд теңге.

Сатып алулар саны 40,5 млн-ға дейін өсті. Бұл ретте ішкі нарықтың негізгі өсімі 2,5 есеге асып, 22 млн дананы құрады.

2019 жылы белсенді сатып алушылардың саны 72%-ға артып, 3,2 млн адамды құрады.

Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен бар. Алайда, табыс салығын төлеуден босату түрінде салық жеңілдіктерін алу үшін 579 интернет-дүкен тіркелген.

Сондықтан, Б. Сұлтановтың айтуынша, нарықтың реттеу рәсімдерін қатаңдатпай, осы саланың заңды қызметін ынталандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды.

Тауарлар мен қызметтердің айналымының «ағаруын» дәлелдеу мысалы ретінде айтатын жайт, 2019 жылғы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге артып, шамамен 14,4 трлн теңгені құрады. Бұл өсім POS-терминалдардың инфрақұрылымының дамуына, Қазақстан нарығына Apple Pay және Samsung Pay енуіне, банктердің клиенттерді бонустар мен кэшбектер арқылы ынталандыруына, сондай-ақ қоғамдық көліктің барлық түрлерінде қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді қолдануға байланысты.

2019 жылы электрондық саудада 36,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

2019 жылы Электрондық коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, қабылданды. Бұл құжаттағы шаралар 3 бағыт бойынша құрылымдалған, атап айтсақ: электрондық саудада экспортты арттыру, отандық кәсіпкерлерді электрондық саудаға тарту және инфрақұрылымды дамыту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және электрондық сауданы ілгерілету.

«Өткен жылғы жазда қойылған міндет электрондық сауда үлесін 5%-ға дейін жеткізу болды. Алайда, Сауда және интеграция министрлігі құрылғалы біз талдау жүргіздік. Соның нәтижесінде электрондық коммерция үлесін 10%-ға дейін арттыру деген амбициялық мақсат қойылды. Осыған байланысты, біз қосымша шаралар қабылдадық», — деді сауда және интеграция министрі. 

Біріншіден, қазақстандық компанияларды халықаралық электрондық платформаларда ілгерілету жөніндегі шаралар.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Интернет-экспорттаушы мектебі» бағдарламасы іске қосылды. Электрондық сауда алаңдарында бизнесті жүргізудің практикалық әдісіне 200 қатысушы оқытылды.

Бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерге интернет-платформаларда ілгерілету бойынша тікелей қолдау көрсетілді. Мәселен, Alibaba халықаралық платформасына «Алтын жеткізуші» ретінде тіркеу үшін 50 компания іріктелді. Бұл премиалды мәртебе жаһандық аудиторияға қолжетімділікті, маркетплейс ішінде кешенді ілгерілету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

Екіншіден, Қазақстанға халықаралық платформалар тарту жөнінде шаралар қабылданды.

Өткен жылы Министрлік «Wildberries» халықаралық компаниясымен инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойды. Оның негізгі мақсаты – аталған платформа арқылы қазақстандық тауарлардың экспортын арттыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды құру және дамыту. Wildberries компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болып тіркелді. Бүгінгі таңда 21 қазақстандық компания Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения сияқты бағыттар бойынша осы платформадағы тауардың 594 түрін сатады.

Үшіншіден, электрондық сауда нарығы экожүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында күн сайын 350 мыңнан астам пошта жөнелтімдерін өңдейтін 3 фулфилмент-орталық жұмыс жасауда. 2025 жылға қарай олардың саны 19-ға дейін өседі. Бұл пошта жөнелтімдері көлемін 82,8 млн данаға дейін ұлғайтуға және мыңнан астам интернет-дүкендердің қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тауар өткізу инфрақұрылымды құру шеңберінде агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтары желісін цифрландыру жоспарланып отыр. Мәселен, олардың негізінде фермерлер мен көтерме сатып алушылар үшін электрондық сауда алаңдары құрылады. Ақпараттық жүйе бізге тауар ағындарын қадағалауға мүмкіндік береді және теңдестірілген өңіраралық ағындарды қамтамасыз етеді.

Төртіншіден, қазақстандық цифрлық сауда алаңдарын құруды қолдауға бағытталған шаралар.

Бүгінде нарықта шамамен 13 дамушы қазақстандық сауда алаңы жұмыс істейді. Kaspi.kz, flip.kz, chocofamily, mechta.kz басқа да маркетплейстер тауарлар мен қызметтердің шамамен 20 санаты бар.

Азық-түлік саудасын дамыту мақсатында «Onay Bazar» және «HappyFood.kz» электрондық платформаларын дамытуға қолдау көрсетілді. Олар тұтынушыға үйден шықпай-ақ тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Мәселен, базардағы сәбіз 100 теңгеден сатылса, Onay Bazarда 85 теңге ғана тұрады.

Фермерлердің отандық өнімді бәсекеге қабілетті бағамен сатуы үшін «Agro Labs» платформасы әзірленіп жатыр.

«Жалпы, сауданы цифрландыру азық-түлік бағасын төмендетуге, сондай-ақ баға белгілеуді ашық етуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», — деді Б. Сұлтанов. 

Бесіншіден, қоғамды электрондық саудаға белсенді қатысуға тарту.

Қоғамдық сауданы электрондық форматқа ауыстыру, азық-түлік тауарларының бағасын бақылау мақсатында Министрліктің қолдауымен «BTS Digital» компаниясы «PRICE SCANNER» қосымшасын әзірлеуде. Бұл әлеуметтік маңызды әрі азық-түлік тауарларына бағаны мониторингтеуге мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа, Министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа Заң жобасы шеңберінде «бір терезе» қағидаты бойынша шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көздеп отыр. Бұл жүйе тұтынушыға интернет арқылы шағым беруге және өзінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы әзірленді, ол жол картасының шараларын және сауда және интеграция министрлігі ұсынған шараларды көздейді.

Бұл Қазақстанға экономикалық өсудің жоғары әлеуетін ұсына отырып және қазақстандық тауарларды өткізу географиясын кеңейте отырып, елдегі электрондық коммерцияны дамытуға қосымша серпін береді.

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өз баяндамасында Қазақстан Республикасында электрондық сауданы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде Қоғам екі тармақ бойынша, яғни: 11-тармақ «Экспорт мектебі» базасында «Кәсіпкерлік субъектілеріне шетел интернет-алаңдарында қазақстандық тауарларды экспорттаудың негізгі дағдыларын оқыту» және 24-тармағы бойынша «Қажеттіліктерді ескере отырып, қосымша E-commerce орталықтарын ашу» негізгі орындаушы, сондай-ақ 9-тармақты бірлесіп орындаушы екенін жеткізді. 

Жол картасының барлық іс-шаралары белгіленген мерзімдерде орындалуда.

Электрондық сауданы дамыту және Жол картасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаған С. Сәрсенов қазіргі таңда Қазпошта 3 857 бөлімшеден тұратынын, соның ішінде 520-сы франчайзинг моделі шеңберінде екенін айтты. Желі тұрғындардың 100%-ын қамтиды.

Қоғам пошта инфрақұрылымын белсенді дамытуда.

Өткен жылы автоматтандырылған іріктеу желісі 18 миллионнан астам пошта жөнелтімін өңдеді. Алыс елді мекендерге газеттер мен журналдарды дрондармен жеткізу жалғасуда.

Қолжетімділікті дамыту мақсатында компания сәлемдемелер супермаркеті желісін дамытуда. Қазпоштаның қазір еліміз бойынша 248 сәлемдемелер супермаркеті мен 351 поштаматы жұмыс істейді.

Биыл еліміз бойынша 2 күн ішінде 85% пошта жөнелтімін жеткізу мүмкін болды. Бұл пошта инфрақұрылымын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі. 

Электрондық коммерция орталықтары жұмыстарын жалғастыруда. Осы орталықтарда шағын және орта бизнес өкілдерін интернет-дүкендерді жасауға, тауарларды сатуға үйретеді. Бүгінгі таңда Е-ком орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында ашылған. 2019 жылы осы орталықтарда 2 400-ден астам бизнес өкілдері оқудан өтті. Экспорт мектебі шеңберінде 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері оқытылды.

2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында фулфилмент орталықтары ашылды. Мұнда интернет-дүкендердің иелеріне тауарларды қабылдау, өңдеу, сақтау, қадағалау және түпкі тұтынушыға дейін жеткізу сияқты қызметтер көрсетіледі. Сонымен бірге, интернет-дүкендер логистика, қойманы жалға алу, персоналға жұмсалатын шығындар және басқа да шығындарын үнемдейді. Сондай-ақ сәлемдемелерді жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша айналымдағы тауарлар көлемі 8 милионнан асты, салыстырмалы түрде 2018 жылы 1,2 млн болды. 

«Жалпы, біз 2025 жылға қарай Қазақстанның барлық облыс орталықтарын фулфилментпен қамтамасыз етуді жоспарлаймыз. Осылайша, 2020 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Сарыағаш қалаларында 4 орталық ашу көзделуде», — деді С. Сәрсенов.

2025 жылға қарай пошталық сәлемдемелер көлемін 10 есеге арттыру көзделуде.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев сонымен қатар бүгінгі күні электронды сауда қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Ол үшін келесі жұмыстар жасалуда: сапалы Интернетпен қамту, цифрлық сауаттылықты көтеру, қолма-қолсыз ақша төлемдерді арттыру.

Қазіргі уақытта 117 қала және 250 адамнан астам тұрғыны бар 3100-ден астам ауыл кең жолақты мобильді Интернетке қосылған. Жыл соңына дейін тұрғындар саны 250-ден асатын 1000-нан астам ауылды жылдамдығы жоғары мобильді Интернетпен қамту жоспарланған. Осы орайда, ауылдарға жоғары жылдамдықты мобильді Интернетті жүргізудің жоспар-кестесі құрылып, барлық әкімдіктермен келісілді. 

А. Жұмағалиев өткен аптада байланыс операторлары мобильді байланыс желісін бірлесіп құру туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады. Еліміз үшін маңызы зор жобаны операторлар өз қаражаты есебінен іске асырады.

2021-2022 жылдары 250 адамнан аз тұрғыны бар 877 ауылды кең жолақты Интернетке 3G/4G теxнологиясымен және қалған 930 ауылды спутниктік Интернетке қосу жоспарда бар.

«Бұл жұмыс xалықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Бұл бағытта халықты оқыту бағдарламалары қайта қаралды және бекітілді. Сонымен қатар, базалық цифрлық дағдылар, EGOV, OPENGOV, E-COMMERCE, және ақпараттық қауіпсіздік дағдылары курстары өткізілуде», — деді А. Жұмағалиев.

2019 жылы әкімдіктер цифрлық құзыреттіліктерге 532 мың адамды оқытты. Бұл бизнесті дамытуға және тұрғындардың өмір сүруінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік жасады. 

Интернет желісінің ұлғаюы және цифрлық сауаттылықтың артуы қолма-қолсыз ақша төлемдерінің дамуына жол ашты.

Нәтижесінде, қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі 2,3 есе өсіп, 14,5 трлн теңгені құрады.

Сонымен қатар А. Жұмағалиев цифрлық технологияларды реттеу жөніндегі заң жобасында жедел төлемдер жүйесін енгізу көзделгенін айтты. Оның айтуынша, соның арқасында қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейі одан әрі жоғары қарқынмен артады. Көлеңкелі экономика деңгейі төмендейді. Бұл отандық өндірісті дамытуға, «қарапайым заттар экономикасын» құруға оң әсерін тигізеді. Аталған жұмыс отандық тауар өндірушілерге халықаралық сауда алаңдарына шығуға мүмкіндік береді. Әрине, бұл еліміздің экономикалық өсіміне жаңа серпін береді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.