Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылы ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға 80 млрд теңге бағытталады — Р. Скляр

Сәрсенбі, 06 Қараша 2019, 10:08:48

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуы туралы баяндады. 

Р. Склярдің хабарлауынша, қазіргі уақытта 6 443 ауылда 7,7 млн адам тұрады (ел халқының 42%).

«Бүгінгі күні ауылдық жерлерде бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Ауылдың жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет. Инженерлік желілер тозуының жоғары деңгейі байқалады. Көптеген ауылдарда, білім беру және денсаулық сақтау объектілері жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты ауылды дамыту үшін кешенді тәсіл қолдануды ұсынамыз», — деді Р. Скляр.

Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынды, оның ішінде – 1 150 тіректі және 200 шекара маңындағы ауылдар енгізілген 2 327 спутниктік ауылдар. Аталған ауылдарда 6,6 млн адам немесе ауыл халқының 85%-ы тұрады, оларды дамыту басымды түрде болады.

Халық саны өсуінің, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының жалпы қосылған құнның, халықтың жұмыспен қамтылуының жыл сайынғы өсу динамикасы бар осындай ауылдар ірі елді мекендерге жақын орналасқан.

«Бұл ауылдардағы мәселелерді кешенді шешу үшін айтарлықтай қаражат қажет. Алдын ала есептеулер бойынша 900 млрд теңге қажет, бұл ретте республикалық бюджеттен 70% немесе 630 млрд теңге, ал қалған 30% немесе 270 млрд теңге – жергілікті бюджеттен бөлу ұсынылады. Аталған қаражаттарды 2027 жылға дейін бөлу ұсынылады», — деді Р. Скляр.

2019 жылы шамамен 700 мың адам тұратын 53 ауылда 30 млрд теңге сомаға 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. 

Бұлар әлеуметтік (мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары) және инженерлік инфрақұрылымдарды (жолдар, су, электр, жылумен қамтамасыз ету және т.б.) жөндеу және қайта жаңарту жөніндегі жобалар болып табылады. Қаражаттар жоспарлы түрде игерілуде.

«Сондай-ақ, Тұңғыш Президент - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған ауылдарды абаттандыру бойынша ірі кәсіпкерлердің «кіші отанына» қамқорлықпен қарау мен меценаттық жасаудың жарқын көрінісінің мысалдары бар», — деді Р. Скляр.

Инфрақұрылымды жаңғырту бойынша үстіміздегі жылы оң нәтижелерге қол жеткізілді.

«Бұл жұмыстың бастамасы ғана. Басталған жұмыстарды біз 2020 жылы жалғастырамыз. Еліміздің барлық өңірлерінде ауыл инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғырту басталады. Көзделген 30 млрд теңгеге 2020  жылы қосымша 50 млрд теңге бөлінетін болады», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Жалпы бөлінетін қаражатқа 250 ауылда 1641 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және іске асырылып жатқан жобаларға жаңа дағды алу мақсатында, ауыл жастары тартылатын болады. Жүргізіліп жатқан инфрақұрылымды жаңғырту ауыл экономикасын дамытуға жаңа серпін береді.

 Ұсынылған шараларды тиімді іске асыру үшін республикалық Жол картасының жобасы әзірленді. Тірек және спутниктік ауылдарды жылдар бойынша, 2027 жылға дейін дамыту кестесін жасау жоспарланған. «Ауыл – Ел бесігі» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде әрбір ауылды қаржыландыру көлемі мен көздерін анықтау қажет. Ауыл экономикасын дамыту картасын әзірлеп, тиісті жобалық құжаттаманы дайындау керек.

«2027 жылға қарай барлығы АӨК дамыту, «БЖК-2020», «Еңбек», жергілікті маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу бағдарламаларымен бірге қаржыландыру 2 трлн теңгеден асатаны болады», — деді Р. Скляр. 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру 7 жыл ішінде 7 млн. ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 7 мың км астам кентішілік көшелер салынып, жөндеуден өткізіледі. Барлық ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Әлеуметтік нысандарды жаңғырту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

Жалпы, барлық шаралар кешені ауылдарды одан әрі серпінді дамытуды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде ел экономикасына оң әсерін тигізеді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Сәуір 2021, 18:20
А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
16 Сәуір 2021, 18:05
Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары қаралды
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.