Астана әкімдігінде өркениетті сауда ұйымдары бойынша жоспар әзірленеді
Астанада өркениетті сауда ұйымдастыру бойынша жоспар әзірленеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінде.
«Әкім өзінің орынбасары Нұрәлі Әлиевке тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаладағы бейберекет сауданы жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту үшін енгізуді тапсырды», - делінген хабарламада.
Әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппараттық жиын барысында бейберекет сауда қала тұрғындарының наразылығын тудыратын мәселелердің бірі екендігіне тоқталды. Атап айтқанда, бұл жағдай «Артем» сауда орталығының маңында көптеп кездеседі.
Бұдан өзге, жиында салынып жатқан нысандардың және олардың айналасындағы аумақтардың жағдайы туралы мәселе талқыланды.
«Құрылыс алаңдары қауіпті нысан болып табылады, сондықтан, жұмыс басталмай тұрып қоршалуы тиіс. Қоршаулардың сыртқы көрінісіне, материалына және құрылысына қойылатын белгілі талаптар бар», - деп баса айтты Ә.Жақсыбеков.
Ол МАҚБ басқармасына екі апта ішінде барлық құрылыс нысандары қоршауларын қалпына келтіріп, брендтеуді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз