Алматыда 2014 жылы 249 км инженерлік желі жөндеуден өтті

Ағымдағы жылы Алматыда 249 км инженерлік желі жөндеуден өтіп, салынды, деп хабарлады қала әкімдігінде.

«249 км инженерлік желі жөндеуден өтіп, салынды. оның ішінде 128 км су құбыры мен кәріз жүйесі, 65 км газбен қамту желісі, 35 км электрмен жабдықтау желісі, 21 км жылумен қамту желісі», - деп атап өтті ведомствода.

Сонымен қатар, соңғы 5 жылда қалада 118 км жылу жүйесі жөндеуден өтіп, 80 млрд теңге энегрия кешеннін дамытуға салынды, 31 аралық станция салынып, жөндеуден өтті.

Бұдан өзге, 5 жылда қалада 1060 км газ жүйесі салынып, жеке сектордың  96% газдандырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу