Сәуір айында жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу бойынша мәмілелер саны 33,4%-ға өсті - ҚР ҰЭМ
Ағымдағы жылдың
сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны өткен аймен салыстырғанда 33,4%-ға артты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде.
«2015 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 15 397 құрады және өткен аймен салыстырғанда 33,4%-ға артты»,- делінген хабарламада.
Ең көп мәмілелер саны көп пәтерлі үйлердегі пәтерлерді сату кезінде байқалған - 10141 келісім.
Ведомствода мәлімдегендей, 2015 жылғы қаңтар-сәуірдегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 50 606 құрады. 2015 жылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,7%-ға артты.
Жылжымайтын мүлік саласындағы операциялар саны бойынша көшбасшы Астана және Қарағанды облысы - сәйкесінше 1690 және 1640 мәміле. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы және басқа да өңірлер.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз