Астанада ШОБ арналған өнеркәсіп кешені мен Бизнесті дамыту картасы жасалады
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Астана әкімдігі арасында Астанада кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы қол қойылған келісім аясында ШОБ арналған өнеркәсіптік кешен және Бизнесті дамыту картасы жасалады, деп хабарлады елорда әкімдігінде.
«Тараптар бүгінгі келісімнің Астанада шағын және орта бизнеске арналған көпфункционалды өндіріс кешенін, өңірлік сауда орталығын құруға, жер учаскелерін бөлуге, жалпы бизнесті дамыту картасын әзірлеуге негіз бола алады», - делінген хабарламада.
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев аталған келісімге қол қою арқылы елордада кәсіпкерлікті дамытудың институционалдық негізін құруға бағытталған өзара ықпалдасу тәртібін бекітті. Келісім аясында Астана әкімдігі мен Ұлттық палата отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі шараларды қабылдап, кәсіпкерлік саласының анағұрлым өзекті мәселелерін бірлесе қарастырып, шешетін болады.
«Өкінішке орай, бүгінгі таңда бизнес пен биліктің арасында қол жеткізген оң нәтижелерге қарамастан, проблемалар да жоқ емес. Соларды шешу үшін біз осы құжатқа қол қойдық. Бізге бизнес ахуалды жақсарту мәселесінде бірлесіп жұмыс істеу қажет. Астана әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы бүгінгі Келісім көптеген проблемаларды шешуде, әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуда, сонымен қатар ортақ жобаларды іске асыруда пәрменді құралға айналады деп санаймын», - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.
Бүгінгі таңда Астана халқының саны 845 мыңнан астам адамды құрап отыр. Соның ішінде экономикалық белсенді азаматтар саны 453 мың болса, оның жартысына жуығы шағын және орта бизнес саласында еңбек етуде.
2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Астанада жалпы сомасы 445,6 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба іске қосылды. 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. деп атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз