Астанада ШОБ субъектілері саны 95,4 мың кәсіпкерге жетті

Астанада нарықта жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2015 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1% өсіп, 95 406 құрады, делінген елорда әкімдігінің сайтында.

Субъектілердің жалпы санының ішінде 26 061 – заңды тұлға, 69 336 – жеке кәсіпкер және 9 шаруа қожалығы.

Еске сала кетейік, елордада 2015 жылдың басынан бері елордалық кәсіпорындар мен ұйымдар жаңадан 7 354 жұмыс орнын ашты, ал, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының көмегімен 1 889 адам жұмысқа орналасқан.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу