Астанада концессиялық негізде көп қабатты паркингтер салу жоспарланған

Астанада 2018 жылдың соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 6 қабатты жерасты ақылы екі паркинг жəне 3 қабатты ақылы бір паркинг салынады, деп мәлімдеді бүгін Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Astana Innovations» АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева.

Компанияда мәлімдегендей, Алты қабатты бірінші паркинг - Қабанбай батыр даңғылында (Инвестициялар жəне даму министрлігінің жанында), екінші жер асты паркингі - Орынбор көшесінде (Жоғарғы соттың жанында) орналасса, үш қабатты үшінші паркинг Достық көшесінде («Мəскеу» бизнес орталығының маңында) орналасады.

Бұл туралы бүгін Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Astana Innovations» АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева мəлім етті.

Оның ақпаратына сүйенсек, Қабанбай батыр даңғылындағы паркингтің құрылысы 2017-2018 жылдарға жоспарланған. Жəне паркинг 2045 жылға дейін қызмет көрсете алады деп сендірді компания. Алты қабатты автотұраққа 568 көлік сыяды. Бұл паркингке 2 200 млн теңге инвестиция керек.

«Орынбор көшесіндегі алты қабатты паркингтің құны 1,93 млрд теңге. Автотұраққа 472 көліктің орны салынады. Достық көшесінде орналасатын үш қабатты паркингтің құны 1,31 млн теңгені құрайды. Оған 300 көлік сыяды»,-деді Ə.Бикеева.

Компанияның ақпаратына сүйенсек, алты қабатты жер асты автотұрағы мен үш қабатты паркингтің бағасы - сағатына 100 теңге, бір түнге көлік қалдыру бағасы - 600 теңге болады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу