Астанада тау-кен металлургия саласының алдыңғы қатарлы технологияларының көрмесі өтіп жатыр

25-26 мамырда Астанада Тәуелсіздік сарайында Astana Mining & Metallurgy – АММ-2017 тау-кен металлургия саласының компанияларына арналған алдыңғы қатарлы технологиялар мен инновациялық әзірлемелер көрмесі өткізілуде.

VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында өткізіліп жатқан көрме қатысушылары аталған саланың ТМК-ға арналған технологиялар мен жабдықтар, ТМК химиясы, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, геология, инжинирингтік, қаржы және аудиторлық компаниялар, инновациялық әзірлемелер салаларындағы соңғы жетістіктерін ұсынады.

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Алик Айдарбаев көрмені ашу барысында Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресін өткізу Қазақстан үшін жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Альберт Рау көрмені ашу салтанатында алдыңғы қатарлы технологиялар көрмесі конгрестің маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.

«Конгресті көрмесіз өткізу мүмкін емес. Себебі, біз жыл сайын жаңа компанияларды өздерінің инновациялық әзірлемелерін көрсету үшін шақырамыз. Мұнда біздің отандық компаниялар өз жетістіктерімен таныстырады», - деп түсіндіріп өтті А. Рау.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу