Астанада 2014 жылдың жеті айында 113,5 мың тонна азық-түлік өндірілді

Астанада 2014 жылдың жеті айында 113 577 тонна азық-түлік өнімі шығарылды, деп хабарлады елорда әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 

Қаңтар-шілде аралығында макарон өнімдері 10 357 тонна (2013 жылдың тиісті кезеңіне 119,0 %), сүт пен кілегей 537 тонна (2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,4%) өндірілді. Бұдан өзге, 89 990 тонна  ұн (2013 жылдың тиісті кезеңіне 88,2%) шығарылды. Жаңа пісірілген нан 11 987 тонна (2013 жылдың тиісті кезеңіне 88,9%), шұжық өнімдері 706 тонна (2013 жылдың тиісті кезеңіне 120,0%). 

Атап өту керек, 2013 жылы астаналықтар 570 мың тонна, яғни күніне 1,5 мың тонна тамақ өнімдерін тұтынған. Астананың өз өндіріс орындарының есебінен қала нан, макарон өнімдері және ұнмен толық қамтамасыз етіліп отыр. 

Қаланың азық-түлік тұтыну көлемінің 35%-ы, яғни 190 мың тоннасы азық-түлік белдеуінен жеткізілсе, қалғаны басқа аймақтар мен шетелдерден тасымалданады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу