Астанаға мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасының Президенті Ш. Мирзиёев келді

Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды.

Сонымен қатар мәртебелі мейманды ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин, сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев, Қазақстанның ӨР-дағы елшісі Е. Өтембаев қарсы алды. 

Бұл Шавкат Мирзиёевтің Өзбекстан Республикасының Президенті ретіндегі Қазақстанға алғашқы ресми сапары.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізеді, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу