Каирде Қазақстан-Египет Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

2017 жылдың 8-9 наурыз күндері Каир қаласында (Египет Араб Республикасы) сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Египет Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.

Қазақстан делегациясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастады.

Үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібіне мәдениет және тарихи-мәдени мұраларды қорғау, спорт және туризм, білім беру, діни қызмет, сауда, өндіріс, инвестиция, энергетика, мұнай, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және фармацевтика, азаматтық авиация саласындағы өзара әрекеттесу мәселелері енді.

А. Мұхамедиұлы өз сөзінде Үкіметаралық отырыс Қазақстан және Египет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету, мемлекеттер арасындағы өзара байланыстың нақты және кеңейтілген болашағын анықтау мақсатындағы маңызды шара болып табылатындығын тілге тиек етті. Бұл мәселе аталмыш бағытта ынтымақтастық үшін ірі әлеуеттің бар болып, алайда оның серпіні соңғы жылдары төмен болып отырған жағдайда әсіресе өзекті.

«Үстіміздегі жылы мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толады. Бұл жылдар ішінде мемлекеттеріміз арасындағы барлық салаларда сұхбаттың кеңеюі мен нығаюына қол жеткізді. Нақты айтқанда, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар көпжақты өзара әрекеттесу саласында үлкен жұмыс атқарылды», - деді министр.

Келіссөздердің нәтижесі ретінде Қазақстан-Египет Үкіметаралық комиссиясы 5-ші отырысының Хаттамасына қол қойылды. Құжат мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын анықтайды. Хаттамаға сәйкес, тараптар «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Ежелгі Египет өнер туындылары көрмесін өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Қазақстан египет тарапының болашақта ҚР Ұлттық музейінде әлемдік мәдениет залын ашу үшін Ежелгі Египет өнер туындыларын (түпнұсқалар мен көшірмелер) сыйға тарту ұсынысын қабылдап, қазақстандық реставраторлар, археологтар және көптеген мамандарды даярлау курстарын Египетте өткізу бойынша мәселені қарастырады.

Сондай-ақ, Қазақстан және Египет дене шынықтыру және спорт саласында тәжірибе алмасып, сонымен қатар екі мемлекет спорт федерацияларының арасында әріптестікті дамытатын болады.

Комиссия жұмысы аясында А. Мұхамедиұлы Египет Араб Республикасы инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрі доктор Сахара Наср, Египет Араб Республикасы мәдениет министрі Х. Наманам, Египет Араб Республикасы Көнелер ісі министрі Х. Аль-Анани және Каир губернаторымен екіжақты кездесулер өткізіп, «Достық пен Еркіндік» саябағында орналасқан Абай бюстіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрі Сұлтан Бейбарыс мешітіне барды.

Екіжақты кездесулердің нәтижесі бойынша Қазақстан мен Египет мекемелері мен ұйымдары арасында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу