Қазақстанда 364 мыңнан астам оқушы ТЖ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын оқыды

Өткен жылы интерактивті сабақ арқылы еліміздегі 4105 мектептің 364 мың оқушысы ТЖ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын оқыды, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР ТЖ бойынша вице-министрі Валерий Петров.



«Өткен жылы интерактивті сабақ арқылы еліміздегі 4105 мектептің 364 мың оқушысы ТЖ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын оқыды», - деді В.Петров.

Сонымен қатар, 2012 жылы Алматы қаласындағы ТЖМ-ның азаматтық қорғау оқу-әдістемелік орталығында орталық және жергілікті атқарушы органдардың 1 мыңнан астам қызметкері мен басшылары оқыды. 

Министрліктің аумақтық бөлімшелері Азаматтық қорғаныс саласында кәсіпорынның 35 мың басшысы мен мамандарын оқытты. 

Оған қоса, Министрлікте 2013 жылғы 26 наурыз  және 8 сәуір аралығында ТЖМ басшылық құрамының біліктілігін арттырудың жоғары курсы өтуде. Дәріс оқу үшін 36 мемлекеттік орган мен оқу орындарының өкілдері шақырылды. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу