2030 жылға дейінгі республиканың транзиттік әлеуеті бағдарламасын дайындау міндеті

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің алдына 2014 жылдың 1 қырқүйегіне дейін 2030 жылға дейінгі республиканың транзиттік әлеуеті бағдарламасын дайындау міндетін қойды.

«Үкімет 2014 жылдың 1 қырқүйегіне дейін 2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанның транзиттік әлеуеті бағдарламасын жасауы керек, арнайы топ халықаралық сауданы жүзеге асыру кезіндегі кедергілерді жою мәселелерін қарап, сонымен айналысуы керек»,-деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалану бойынша шараларды күшейтуді талап етті.

Логистикалық қызмет секторын дамыту қажет, мәселе біздің жүктерімізді тасымалдау үшін кеден одағы территориясын барынша пайдалану туралы болып тұр.

Ұлт көшбасшысы кедендік өңдеу мерзімін қысқартуды және теңізге шығуға мүмкіндігі бар елдерде логистикалық орталықтар құруды инвестициялауды нұсқады. Сонымен ол, жүк бойынша шекаралық өту қабылетін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ Ақтау портының қуатын арттырып, экспорт-импорт операциялары процедураларын қысқарту қажеттігін атап өтті.

«Біз бұл міндетті қойып отырғанымыз, өйткені бүгінде біздің шекараларымызда жүздеген поездар мен автожүк көліктері өте алмай тұр. Басқа елдер бұл мәселені шешіп алды, ал біз шеше алмаймыз. Кез келген кедергіні жою керек, болмаса біздің логистика жұмыс істемейді»,-деді ҚР Президенті.

Оның мәліметі бойынша, 1200 шақырымға созылатын «Жезқазған-Шалқар-Бейнеу» жаңа темір жолының құрылысы 2015 жылы аяқталатын болады. Бұл көлік дәлізі еліміздің шығысы мен батысын тікелей жалғайтын болады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу