Қазақстанда инвестициялық бағдарламаларды үйлестіру үшін Үкіметтік кеңес құрылады

Қазақстанда инвестициялық бағдарламаларды үйлестіру үшін Үкіметтік кеңес құрылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Үкіметі отырысы барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

«Келесі жылы өңірлік өсім драйверлерін қалыптастыру мақсатында бәсекелестік басымдықтары мен өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, макроөңірлерді дамытудың инвестициялық бағдарламасы әзірленетін болады. Үйлестіру жұмыстарын күшейту мақсатында Үкіметтік кеңес немесе инвестициялық штаб құрылады», - деді Ә.Исекешев.

Министр айтып өткендей, аталған кеңес инвестициялық ахуалды үйлестірумен қатар ірі инвестициялық жобаларды қарап, инвестициялар бойынша стратегияны айқындайтын болады.

«Кеңес жұмысына халықаралық консультанттарды, Астанада құрылатын қаржы орталығын ескере отырып, инвестициялық банктердің өкілдерін тарту ұсынылады», - деді ол.

Министр осы орайда бүгінгі күні бірқатар халықаралық консультантпен, инвестициялық банктермен уағдаластыққа қол жеткізілгенін ескертіп өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу