Қазақстанда 75 млрд теңгеге жуық сома жария етіліп, оның ішінде жартысынан көбі ел экономикасына бағытталды
Қазақстанда осы жылдың 24-ші тамызына сәйкес 74,7 млрд теңге жария етілді, олардың 38,4 млрд теңгесі экономикаға инвестицияланған, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі еліміздің Ұлттық банкінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
«ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 24.08.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 74,7 млрд.теңге ақшаны жария етуге 161 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,2 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 38,4 млрд. теңге», - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, Қаржы министрлігі мәлімдегендей, мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 448,3 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 47 019 өтініш түсті. Нәтижесінде сомасы 241,5 млрд теңгеге 34 443 объект жария етілді.
«Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті. Сомасы 636,5 млн. теңгеге 17 объект және бағалы қағаздар жария етілді», - делінген хабарламада.
25.08.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,0 млрд.теңге түсті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз