Қазақстанда жүзу маусымының ашылуы алдында 4 мыңнан астам су қоймасы тексерілген - ҚР ТЖМ
Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігімен жүзуге және демалуға пайдаланылатын 4 мыңнан астам су қоймасы тексерілді, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов.
«Жүзу маусымы ашылуының алдында алдын ала жүзуге және демалуға пайдаланылатын 4 мыңнан астам су қоймасының инвентаризациясы жасалды, қауіпті заттардың бар-жоқтығын тексеру үшін су қоймасының түбінде су асты жұмыстары жүргізілді, жүзуге жарамды 535 демалыс аймағы анықталған», - деді А.Советов.
Сонымен қатар, ТЖМ өкілінің айтуынша, су қоймаларының жанында орналасқан 200 балалар лагері ерекше бақылауға алынған.
Айта кету керек, еліміздің су қоймаларында азаматтардың өлім-жітіміне жол бермеу үшін, әсіресе 2013 жылдың жүзу маусымында, министрлік 58 су-құтқару станциясының жеке құрамын, 22 құтқару бекетін, 7 оңтайлы-іздестіру тобын және су-құтқару қызметтерінің 13 авариялық-құтқару отрядын даярлап қойды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз