Қазақстанда сапасыз азық-түлік сатқаны үшін айыппұлдарды арттыру жоспарланған - Ә.Мәтішев

Сапасыз өнімдерді сатқаны үшін салынатын айыппұл көлемін арттыру қажет, деді Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Бүгінгі таңда біз анықтаған өнім қауіпсіздігіне байланысты фактілер бойынша айыппұл көлемі 300-ден 600 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді. Бұл көрсеткіштер әрине өте аз және оны көтеру мен талапты күшейту қажет», - деді Ә.Мәтішев.

Оның айтуынша, Комитет сапасыз өнімді сатқаны үшін айыппұлдарды арттыру үшін заңнамаға сәйкес өзгертулер енгізу қажет. Ол үшін басқа да мемлекеттік органдардың, бизнесмендердің қолдауы қажет болады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу