Қазақстандық экспортерлердің транспорт шығындарын төмендету үшін тасымал көлемін кепілдендіру түріндегі тетік дайындалды- Кaznex Invest

Қазақстандық экспортерлердің транспорт шығындарын төмендету үшін тасымал көлемін кепілдендіру түріндегі тетік дайындалды, деп хабарлады «Экспорт және инвестициялар бойынша «Kaznex Invest» Ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейржан Мәйкенов

« Біз Қазақстандық экспортерлердің транспорт шығындарын төмендету үшін тасымал көлемін кепілдендіру түріндегі тетік енгізу мүмкіндігін қарағымыз келеді... Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісілді, алдағы жылдан бастап ол тетік іске қосылады деген үміттеміз»,-деді ол.

М.Мәйкеновтың түсіндіргеніндей, әр түрлі елдің темір жол ұйымдары нақты тасылатын тауар көлемі және одан тасымалдаушы белгілі бір жеңілдік алатындай келісім жасалатын халықаралық тәжірибе бар.

«Біздің міндет- экспортер мен көлік компаниялары арасында дәнекер болу. Бұл жерде Kaznex көлем мен келген шығын бойынша кепіл болады»,-деді агенттік басшысының орынбасары.

Сонымен бірге, ол шикізаттық емес экспорттық өнімдер темір жол көліктерімен тасымалданатынын, сонымен қатар темір жол тарифтерінің жыл сайын көтерілуі, қазақстан тауарларының экспорттық құнынан алғанда, оның транспорттық бөлігінің ғана 26 пайызға жеткенін, өз кезегінде оның сыртқы экономикалық қызметтегі бәсекеге қаблеттілігін кемітуге әкелетінін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу