Қазақстанда Ұлттық жол қауіпсіздігі комиссиясын құру жоспарлануда

Таяу жылдары Қазақстанда Ұлттық жол қауіпсіздігі комиссиясы пайда болуы мүмкін, деп мәлімдеді ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев.

Оның айтуынша, Қазақстанның Инвестициялар және даму миннистрлігінің алдында ағымдағы жылдың соңына дейін салалық бағдарлама жасау бойынша міндеттер тұр.

«Оған бірнеше министрліктер жауапты болатын барлық компоненттер енеді. Сондықтан, барлық бағыттарда әдістерді, стандарттарды, талаптарды, нормативтік базаны өзгерту қажет. БҰҰ қабылдаған 2010-2020 жылдарға арналған Жаһандық бағдарлама арқылы ұлттық бағдарламаға бірқатар компоненттер кіреді деп шамалаймыз. Бұл - ұлттық жол қауіпсіздігі комиссиясын құру, бұл – халықаралық тәжірибе, аталған мәселелер өте жоғарғы деңгейде қарастырылады. Біз мұны ұсынатын боламыз, көпшіліктің, үкіметтік емес ұйымдардың, бір коммерциялық емес ұйымға біріккен автомобиль жасаудан бастап жол құрылысы нысандарына дейінгі салалардағы ұйымдар мен қауымдастықтар қатысуы қажет», - деп хабарлады Б.Қанешев.

ҚР ИДМ Ұлттық жол қауіпсіздігі бағдарламасын құру үшін елдегі инфрақұрылымның нормативтік базасына жүйелі аудит жүргізуге ниетті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу