Қазақстанда Ұлттық кеңістіктегі деректер инфрақұрылымы бойынша жоба құру жоспарланған

Қазақстанда мемлекеттік органдар, ұйымдар мен бизнестің, сонымен қатар, азаматтық тұлғалардың оңтайлы қолдануы мақсатында Ұлттық кеңістіктегі деректер инфрақұрылымын құру жоспарланған, деп мәлімдеді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ төраға кеңесшісі Алан Қазкенов Еуразиялық кеңістіктегі деректер инфрақұрылымы бойынша конференция барысында.

«Ұлттық кеңістіктегі деректер инфрақұрылымын құру кезінде жоба құрылымы мемлекеттік органдар, ұйымдар мен бизнестің, сонымен қатар, азаматтық тұлғалардың оңтайлы қолдануы мақсатында базалық кеңестіктегі деректердің қоймасын құру, жаңарту және айырбастауға бағытталған. Кеңістіктегі деректердің негізгі топтары -іргелі, негізгі, салалық, тақырыптық қабаттар, сонымен қатар, метадеректер, анықтамалықтар, тізілімдер және сыныптауыштар», - деді ол.

Кеңесшінің айтуынша, жобаны әзірлеу барысында кейбір базалар мен кеңістіктегі деректер таңдалды. Бұл - аумақты геодезиялық қамтамасыз ету, ғарыш деректерінің негізінде мозайканы біржолғы төсеу, мемлекеттік шекара, әкімшілік бөлулер шекарасы, елді мекендер, жол желісі, гидрография, өсімдіктер, жер бедері мен геграфиялық атау.

«Кеңістіктегі деректер 2-3 жылда жерді қашықтықтан зондтаудың мониторингтік  деректері, топографиялық карталардың аэрофотосуреттері мен цифрлауы негізінде жаңартылып отырады. Деректерді қолдануға болады, сонымен қатар, қалалық және жердің кадастрларын құрған жағдайда, табиғи апаттарды, экологияны мониторинг жасаған кездері, су ресурстарына мониторинг кезінде, ауыл және орман шаруашылығанда, елді мекендерді құрған жағдайда қолдануға болады», - деді А. Қазкенов.

Сонымен бірге, сарапшы жобаның жанама әсері жылына 7,9 млрд теңге деңгейіне есептелгендігін, ал әлеуметтік әсер – кеңістіктегі деректердің қолжетімдігі мен жаңа жұмыс орнына есептелгендігін айтып өтті.

«Деректерді жинау және олардың құнын төмендету бойынша жұмысты қысқарту, деректер сапасын жақсарту және олардың сәйкестігін қамтамасыз ету», - деді ол.

Сонымен қатар, кеңесшінің айтуйынша, жобаның негізінде Қазақстан ЕАЭО елдерімен ынтымақтастық жасау мүмкіндіктерін қарастыра алады.

Айта кетейік, Астана қаласында Еуразиялық кеңістіктегі деректер инфрақұрылымы бойынша конференция өтуде. Конференция жұмысына геоақпараттық жүйе саласындағы жетекші сарапшылар, геоақпарат компанияларының шетелдік және отандық өкілдері, мемлекеттік органдар өкілдері мен АҚШ, Канада, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан, Корея, Ресей, Беларус, Моңғолияның бизнес-нарықтары қатысуда. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу