Қазақстанда ҰЭМ бұйрығымен инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау ережелері бекітілді

Қазақстанда жобалау және құрылыс процессіне қатысушы инженерлік-техникалық аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттелуі бекітілген, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. 

«Аттестаттау аттестациялық орталықтарымен жүргізіледі – аккредитация процесін белгіленген тәртіппен өткен заңды тұлғалар.
Өз кезегінде орталықтарды аккредиттауды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті жүргізеді», - делінген ҚР ҰЭМ хабарламасында. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Лицензиялау мен аттестациялауды мониторингілеу және бақылау басқармасы басшысының м.а. Олжас Құсайыновтың айтуынша, жобалық және құрылыс ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудың мақсаты – жобалау және құрылыс процесіне қатысатын қызметшілердің білім деңгейін арттыру.

«Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде аталмыш шара елдің ішінде және халықаралық деңгейдегі құрылыс нарығындағы қазақстандық компаниялардың бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп айтты Олжас Құсайынов.

Құрылыстық-монтаждық ұйымдарда аттестаттауға бас инженер, ӨТБ бастығы, учаске бастығы, прораб және шеберлер жатады.

Жобалық ұйымдарда: жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, бас құрылымдаушы, жобаның сәйкес бөлімі бойынша жетекші инженер жобалаушы.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес көрсетілетін қызметтер Стандарттар және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

Естеріңізге салар болсақ, жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша ережелер мен рұқсат талаптары ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығымен реттеледі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу