Қазақстанда 2020 жылға дейін кәсіпкерлік қызметті реттеу туралы тұжырымдама қабылданады

Қазақстанда 2020 жылға дейін кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы кешендік тұжырымдама қабылданады, деп хабарлады Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ҚР өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында.

«Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға қатысты. Аталған бағыт бойынша Қазақстанда 2020 жылға дейін кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы кешендік тұжырымдама әзірленуде. Ол осы жылдың тамыз айының соңына дейін сіздің бекітуіңізге ұсынылады», - деді Б.Сағынтаев.

Бірінші вице-премьер атап өткендей, реттеу «бизнес үшін, және де мемлекет үшін барынша тиімді және арзан болуы тиіс». Тұжырымдаманың негізгі принципі мемлекеттің, бизнестің және кәсіпкерлердің мүдделері тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Яғни, мемлекеттік органдар бизнеске жаңа талаптар қоймай тұрып, оны негіздеп және бизнес пен мемлкеттің сәйкес шығын есептерімен растауы қажет. Реттеудің тиімсіз шаралары енгізілмейді», - деп қортындылады Б. Сағынтаев.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу