04 Қыркүйек 2019, 18:12
Премьер-Министрдің өкімімен шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету жөнінде жол картасы бекітілді.
Жол картасы шегінде ішкі және сыртқы кедергілерге ерекше назар аударылады, оларды жою отандық эскпорттаушылар отандық өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету кезінде кезігетін теріс факторлар мен салдарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Жол картасының іс-шаралары қолайлы бәсекелес негізделген жағдайлар жасау және белсенді сауда саясаты арқылы ұлттық экспортты қолдау жолымен кіріс саласындағы саясат пен жауапты экономикалық саясат жолымен экономиканың экспорттық аясын одан әрі дамытуға бағытталған.
Жол картасы шикізаттық емес сектор мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экспорттаушыларының тұжырымдамалық-реформаторлық ұсыныстарының негізінде әзірленген, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуде жаңа тәсілдерді қамтиды.
Жол картасында 81 іс-шара көзделген, оның ішінде шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету жөнінде 52 іс-шара және көрсетілетін қызметтерді дамыту бойынша 29 іс-шара қарастырылған.
Жол картасының мақсаттарына қол жеткізу мынадай тұжырымдамалық бағыттар арқылы жүзеге асырылады:
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу