10 Сәуір 2017, 05:15
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
2016 жылдан бастап Жекешелендірудің кешендік жоспары бойынша 51 млрд теңге сомасына 198 нысан, соның ішінде 7 млрд теңгеге республикалық меншіктің 18 нысаны, 5 млрд теңгеге коммуналдық меншіктегі 95 нысан, 39 млрд теңгеге квазимемлекеттік сектордың 85 нысаны өткізілді. Ағымдағы уақытта Жекешелендірудің кешендік жоспарын орындау қайта құрылған және таратылған нысандарды есепке алғанда 47%-ды құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2017 жылы 325 нысанды сату жоспарланған, соның ішінде республикалық меншіктің 30 нысаны, коммуналдық меншіктің 177 нысаны, Ұлттық холдингтердің 67 нысаны мен ӘКК-тің 51 нысаны бар. 2018 жылы 61 нысанды сату көзделген.
«2017 жылы 29 тартымды нысанды сату жоспарланған, соның ішінде 20 – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, 1 – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және республикалық меншіктегі 8 тартымды нысан бар. 2018 жылы 21 тартымды нысанды өткізу жоспарланған, оның ішінде, 1 – коммуналдық меншікте, 10 - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, 3 - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 3 – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және 4-еуі республикалық меншікке тиесілі», - деді Б. Сұлтанов.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 18 ірі компаниясын өткізу 2019-2020 жылдарға жоспарланған, олардың 8 тартымды компаниясы - IPO/SPO аясында жүзеге асырылады.
«Жекешелендіру нысандарын сату ережесіне қосымша түзетулер әзірленген, олар жүргізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша сатып алушылармен ЭЦҚ-мен электронды шарттарға қол қоюға мүмкіндік береді. Бұл сауда-саттық шарттарына қол қою үдерісін жеңілдетіп, сатушымен артығымен байланысуды шектейді», - деді Б. Сұлтанов.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолауында Үкіметке Кешендік жоспар бойынша ұйымдарды жекешелендіруді жылдамдатып, 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу